Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-дағы мас полицейдің қатысуымен болған жол апаты: Нәрестенің аяғы отамен алып тасталды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды. Жол апатынан бір әйел қаза тауып, 23 жастағы келіншек пен сәби зардап шекті. Қазір нәрестенің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жедел жәрдем 51 жастағы әйелдің өлімін оқиға орнында тіркегенін хабарлады. 23 жастағы қыз бен оның алты айлық баласы көлікпен Бәйтерек ауданындағы ауруханаға жеткізілді.

"23 жастағы әйелдің жағдайы тұрақты. Зардап шегушіге білек сүйегінің радиалды сүйегінің жабық сынуы, қол сүйектерінің жабық сынуы диагнозы қойылды. Ол травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайының ауырлығына байланысты нәрестеге облыстық ауруханада ота жасалды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр, аяғының ампутациясына байланысты көп қан жоғалтқан. Қан көлемі толтырылады. Сондай-ақ екінші аяғында бірнеше сынықтары бар", - дейді дәрігерлер.

Анықталғандай, нәрестенің аяғын отамен алып тастаған.

Көліктердің бірінің рөлінде Төрехан Бержанов болған. Оқиға нәтижесінде ер адамның анасы көз жұмды, әйелі мен баласы ауруханаға түсті.

"Бұл туралы айту өте ауыр. Жан түршігерлік оқиға болды. Полицей қарсы жолаққа шығып кетіп, менің көлігіммен соқтығысты. Полицей мас күйінде болатын", - деді ол.

Желтоқсанның 1-і күні кешке Теректі аудандық ішкі істер бөлімі кенттік полиция бөлімінің қызметкері мас күйінде Hyundai Accent көлігін басқарып келе жатып, Lada Largus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Полицей қызметінен қуылмақ. Сонымен қатар, қызметтік тексеру жүргізіліп, оның тікелей бастықтарына да қатаң жаза қолданылуы мүмкін. Қазір бұл істі облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

“Полиция қызметкері ауылдық полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында. 20 жылдан астам қызмет жасайды, полиция подполковнигі. Медициналық куәландыруға сәйкес, жеңіл түрдегі алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Сол себепті қамауға алынып, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта осы істің шеңберінде кімнің кінәлі екендігі анықталатын болады”, – дейді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Талқылау