Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да өгей әкесі зорлаған қыздың оқиғасы: Мектеп директорының ісі сотқа жіберілді

Батыс Қазақстан облысында сексуалдық сипаттағы қылмысқа байланысты мектеп директоры айыпталуда. Білім беру мекемесі қызметкерінің ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі. 

сот

 Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтанов өгей қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 22 жылға сотталған болатын.

Сот білім беру мекемесі қызметкерлері мен шаруа қожалығы басшысының жауаптылығын тексеру үшін БҚО прокуратурасы атына жеке қаулы шығарды.

Зәбір көрген қыз Жаңақала мектеп-гимназиясында оқыған. Мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға ҚР ҚК 434-бабы "қылмыс туралы хабарламауға" сәйкес айып тағылды. Жаңақала аудандық білім беру бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, аудандық соттың қаулысына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты Қожахметова биылғы 25 наурызда қызметінен шеттетілді. БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін, бүгін алдын ала сот тыңдауы болатынын жеткізді.

Бұған дейін БҚО-да өгей әке қызын зорлағаны үшін мектеп директоры қамауға алынған еді. 

Назерке Мұса
Жұма, 16 Сәуір, 2021 13:28
Талқылау