БҚО-да жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен студенттің денесі табылды
Батыс Қазақстан облысында 4 күн бұрын жоғалып кеткен Ерасыл Төлеуғалидің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, 18 жастағы студенттің денесі өзен суынан табылған.
"25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидің денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен тапты. Ол суға киіммен түскен", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарған. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алысырақ айдауға алып шыққан. Артынан інілерін үйге қайтарған ол сол күйі қайтып келмеген.
Жігіт 25 тамызда Оралға оралуы керек болған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді