Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жұмысшыларын балағаттаған ауыл әкімі қызметінен кетті

Батыс Қазақстан облысында жұмысшыларды балағаттаған ауыл әкімі ақыры орнынан кетті. Екі ай бойы жүргізілген тексеріс нәтижесі Сырым ауданындағы Елтай елдімекенін басқарған әкімнің этикалық нормаларды бұзғанын көрсетті.

Шенеуніктің бұл әрекеті бейнежазбаға түсіп, интернет желісінде кеңінен тарап кеткен, деп хабарлайды 31 арна.

Оқиғаның өзі Батыс Қазақстан облысындағы Жымпиты елдімекенінде тамыз айында болған. Видеода экс-әкім Қайырбек Аманғалиевтің құрылыс алаңындағы жұмысшыларды балағаттағаны анық естіледі. Мемлекеттік қызметтер жөніндегі департаментінің мамандары Елтай ауылы әкімінің ащы су ұрттағанын анықтаған.

Бұны шендінің өзі де мойындаған екен. Айта кетерлігі, сол кезде Қайырбек Аманғалиев Жымпиты елдімекені әкімінің орынбасары болған еді. Кейіннен атқамінер Сырым ауданындағы Елтай ауылының басшысы лауазымына тағайындалған. Бірақ келеңсіз жағдайдың кесірінен әкім бұл қызметінен де қазанның 25 күні бір жола айырылды.

“Кінәмді мойындамаймын. Мен оған ар-намысын таптайтындай айтқан жоқпын. Балағаттаймын ба, балағаттамаймын ба. Ол ауыз екі тілде бәрі айтады ондайды”, – Елтай ауылының бұрынғы әкімі айырбек Аманғалиев.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық дәрігерлер сүт қоспасының сәби өміріне қауіп төндіретінін айтып дабыл қақты

Маңғыстау облысының тұрғыны сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

Сен кімсің маған адамгершілік туралы айтатын: Таразда басшыны видеоға түсіріп алды

Талқылау