БҚО-да жоғалып кеткен ағайынды балалардың екіншісі де өлі табылды
БҚО-да үйінің маңында ойнап жүріп жоғалып кеткен балалардың екеуі де өлі табылды. Бүгін таңертең 5 жасар баланың денесі Орал өзенінен табылған еді. ТЖК-дағылар 2 жасар баланың да өлі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар комитетіндегілердің мәліметінше, 2 жасар баланың денесі бүгін сағат 16:50-де Орал өзенінен табылған.
Еске сала кетсек, БҚО-да 24 қазан күні кешке 5 және 2 жасар балалар жоғалып кеткен еді. Олар үйінің маңында ойнап жүрген.
Бүгін таңертең сағат 11-дің шамасында 5 жасар баланың денесі Орал өзенінен табылған еді. Балалар тұрған үй өзеннен бір шақырым жерде орналасқан.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да