Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жедел жәрдем көлігі үш жүкті әйелмен бірге қарға құрсалып, бір күн тұрып қалған

Ішінде адамдары бар жедел жәрдем қызметі қардан жүре алмай, айдалада қалды, деп жазды Мой город.

Жақсыбай ауылдық округі тұрғындарының айтуынша, көлік Жәнібек ауылынан Жақсыбай ауылына тұрғындарды тасымалдамақ болған.

“Олар 21 қаңтарда шықты. Ауылға бір күннен соң жеткізілді. Бір тәулік жолда тұрып қалған. Салонда жеті адам болды. Олар қарға құрсалып, шыға алмай қалған”, – дейді тұрғын.

Ауыл әкімі Алмат Қаратаевтың айтуынша, 21 қаңтарда көлікте жүргізушімен қосқанда бес адам болған.

“Биыл қар қалың түсті. Олар сол себепті жүре алмай қалды. Техника оларға жетіп үлгермеді. Оларды Құнаншапқан шопандар нүктесіне жеткізді. Бес адамның үшеуі жүкті әйел. Оларды ауылға жеткізді. Бәрінің жағдайы жақсы. Жедел жәрдем көлігі уақыта шопандардың жанында қалды”, – дейді ол.

Ал, Жәнібек ауылының әкімі Азамат Сафималиев оқиғаны басқаша баяндады.

“21 қаңтарда Жақсыбайдан Жәнібекке жедел жәрдеммен жүкті әйел мен екі әжейді әкелді. Қайтар жолда көлікте адам болған жоқ. Тек жүргізуші мен фельдшер болды. Жол бойынан екі жолаушыны алған. Содан соң қарға құрсалған”, – дейді ол.

Аәдандық аурухана басшысы да көлікті науқастардың болмағанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр