БҚО-да тұрғындар арасынан тоғыз бруцеллез ауруы анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті БҚО-да тұрғындар арасынан тоғыз бруцеллез ауруы анықталғанын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бруцеллез – тірек-қимыл аппаратын, жүйке, жүрек-тамыр және несеп-жыныс жүйесін зақымдайтын созылмалы ауру. Адамдар инфекцияны қой мен ешкі, сирек - ірі қара, түйе, шошқадан жұқтыруы мүмкін.
"2023 жылдың 1 тоқсанында Батыс Қазақстан облысында тұрғындар арасында бруцеллез ауруының 9 жағдайы тіркелді. Оның алтауы зертханалық расталды. Ал үшеуі бойынша тексеріс жүргізілуде", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Комитет бұл аурудың малды күткенде, жеке гигиена шараларын сақтамағанда және жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған кезде, шикізатты өңдегенде, термиялық өңдеуден өтпеген мал өнімдерін жеген кезде, жүн қырқып, жүн тараған кезде жұғатынын айтты. Сондай-ақ ауру ол жануарлар ұсталатын бөлмелер мен аумақтарды тазалау кезінде де таралатынын жасырмады.
Ұзаққа созылған бруцеллез толық мүгедектікке әкелуі мүмкін.