БҚО-да торғайлар жаппай қырылуда
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының бірнеше ауданында торғайлардың жаппай қырылуы байқалған.

Жергілікті тұрғындар бірнеше ықшамауданнан көптегег өлі құсты тауыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, аудандық СЭС торғайлардың тоқтың салдарынан өлгенін айтқан. Алайда тұрғындар мұндай нұсқаға сенбейді.
Олардың бірі құстардың қоқыс үйіндісінде әлденеден уланып қалғанын айтса, өзгелері «таяуда қалада біртүрлі жаңбыр жауды» дейді. Енді бірі қала аумағында күкіртті сутек шығарылды деп топшылайды.
Ветеринарлық зертхана қызметкерлері торғайлардың қырылуының себебін анықтау үшін, өлі құстарды жинап әкетті. Сараптама елордада жасалатын болады.
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды