Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да тағы бір мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді

БҚО-да Мерген ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Жаңаша келбетте жаңғырған мәдени нысан тұрғындарды қуантты.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында керемет сый болған бұл күні мергендіктерді аудан әкімінің орынбасары Бақберген Әбуов құттықтады.

Салтанатты шарада ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагері Серікқали Мұқанақов игі іске мұрындық болған азаматтарға ризашылығын жеткізді. Заманауи кейіпке енген Мәдениет үйінің лентасын кітапхана саласына саналы ғұмырын арнаған еңбек ардагері Тәукен Сұлтанғалиев пен Мерген орта мектебінің 3-сынып оқушысы Айлин Нұрболатқызы қиды.

Салтанаттан кейін Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен жарқын жүздесу өтіп, көркемөнерпаздар ән-жырмен шашу шашты.

Айта кетейік, мәдени нысанның күрделі жөндеуін жүргізген мердігер – "Корпорация Әлем Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Еңселі ғимаратты жаңғыртуға бюджеттен 129 млн. 800 мың теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарына ауыл азаматтарының қатарынан 5 тұрғын тартылған.

Талқылау