БҚО-да су тасыды: 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қоржын ауылынан 16 адам тікұшақпен тасымалданды, оның ішінде 6 бала және 2 жүкті әйел бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 наурызда Қазәуеқұтқару ТЖМ Ми-8 тікұшағымен ұшқан кезде еріген судың тасуы тіркелген.
"Тікұшақ арқылы елді мекенге құтқарушылар мен жүзу құралдарын жеткізу туралы шешім қабылданды. Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу кезінде кенттің 16 тұрғыны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе кентінің аудан орталығына жеткізілді. Ұшу жоспар бойынша сәтті өтті. Қазіргі уақытта адамдар туыстарында", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қоржын кентіне көлік қатынамайды, алайда тұрғын үйлерді су басқан жоқ, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер бар. Жасыбай өзеніндегі су өз арнасы бойынша өтеді.
Талқылау