Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да соңғы қоңырау мерекесін ерекше түрде атап өтті

Батыс Қазақстан облысында соңғы қоңырау мерекесіне тыйым салынды. Бірақ мектеп оқушылар ұстаздарынан ерекше құттықтау қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

соңғы қоңырау

Әлеуметтік желілерде БҚО-да өткізілген ерекше соңғы қоңырау түсірілген видеолар тарап жатыр. Мектеп бітірушілерді құттықтау үшін мектеп мұғалімдері қаладағы көпқабатты үйлерде тұратындардың терезесінің алдында, ал ауылдағы оқушылар үшін көше бойымен соңғы қоңырау соқты.

Оралдық мұғалімдер мен мектеп директорлары шара үшін автокөліктерді әдемі безендірген.

Кадрлардан оқушылардың дайын болғанын байқауға болады. Олар мектеп формасын киіп, мұғалімдері мінген көлікті есік алдында ата-анасымен қарсы алды.

Талқылау