Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да шенеуніктер "Кәрілер күніне" тендер жариялаған

БҚО-да шенеуніктер

Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында Қарттар күніне 1,1 млн теңгелік тендер жарияланған. Алайда құжаттарда мереке "Қарттар күні" емес, "Кәрілер күні" деп көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

1 қазан – Қарттар күніне орай Қаратөбе ауданында мерекелік шара өткізу үшін мемлекеттік сатып алу порталында 1,1 млн теңгелік лот жарияланған. Алайда құжатта мереке атауы ресми түрде "кәрілер күні" деп жазылған.

БҚО-да шенеуніктер

Лоттың тапсырыс берушісі – Қаратөбе аудандық мәдениет бөліміне қарасты Ғарифолла Құрманғалиев атындағы аудандық демалыс орталығы. Ұйымдастырушы ретінде орталықтың уақытша директоры Таңат Жексенбаев көрсетілген.

Ресми құжатта "Кәрілер күні" деген тіркестің жазылуы көпшілікке орынсыз көрінді. Әсіресе, бұл халықаралық мереке екенін және оған миллионға жуық қаржы бөлінгенін ескерсек, мұндай атаудың қолданылуы сын тудырды.

goszakup сайтынан скрин

Жоспар бойынша, 1 185 000 теңге ауылды мерекеге безендіруге, ас-суға, шақыртуларға және сыйлықтарға жұмсалмақ. Оның ішінде 750 мың теңге – арнайы сыйлықтарға бөлінген.

Мерекені ұйымдастыру құқығы "Береке" ЖК-не берілді. Барлығы жеті компания қатысып, бағалық ұсыныстарын жіберген. Ал екінші орын "Dalila Group" компаниясында екені көрсетіліпті. 

БҚО-да шенеуніктер

goszakup сайтынан скрин

Айта кетейік, Қарттар күні – 1991 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін халықаралық мереке. Бұл күн – үлкендердің еңбегін, тәжірибесін және қоғамға қосқан үлесін құрметтеуге арналған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 19:08
Талқылау