Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да шенеунік "байқамай" өзіне 766 мың теңге сыйақы тағайындаған

Батыс Қазақстан облысында аудандық шенеунік өзіне 766 мыңнан теңге көлемінде сыйақы тағайындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Бұл жағдай әдеп жөніндегі кеңес барысында белгілі болды. Жәнібек ауданының бас сәулетшісі Манарбек Әдиев өзіне Тәуелсіздік күніне орай сыйақы тағайындаған. Өзінің елге қызмет көрсетуідегі үлесін ол 766 мың теңге көлемінде бағалап, өзін марапаттаған. 

Алайда, ол уақытта шенеунік "қызметіне толық сай емес" деген жазамен тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда ол сыйақы ала алмайды. 

Әдеп жөніндегі кеңес барысында Әдиев өз кінәсін мойындап, жұмыс барысындағы әбігердің арасында сыйақы алуға құқығы жоқ екенін ұмытып кеткенін айтқан. Сонымен қатар шенеунік өз сөзінде бүкіл сыйақы сомасын бюджетке қайтарғанын атап өтті. 

Алайда, кеңес мүшелері оның ақталуларын елемей, Әдиевті қызметінен босатуды ұсынды. Бұл мәселе бойынша шешімді Жәнібек ауданының әкімі қабылдайтын болады.

Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі орынбасарының пара алғанын хабарлаған азамат 12 млн теңге сыйақы алғаны туралы жазған едік. 

Талқылау