БҚО-да шенеунік адам пышақтап кетті деген күдікпен қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллин денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта ол Ақжайық ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 14 ақпан күні сағат 00.10-да Чапаево ауылындағы аудандық аурухананың қабылдау бөліміне 23 жастағы ауыл тұрғыны құрсақ қуысы жарақаты диагнозымен жеткізілген.
“Қылмыс жасады деген күдікпен Армат Хайрулин ұсталды. 17 ақпанда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.
Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақжайық аудандық ішкі саясат бөлімі Армат Хайруллиннің 17 ақпанда жұмыстан босатылуына байланысты бұдан былай жұмыс істемейтінін хабарлады.
Армат Хайруллин мемлекеттік қызметте 2012 жылы Ақжайық аудандық ішкі саясат басқармасының қосымша қызметкері болып жұмыс істей бастады. Бұған дейін ол жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары Ақжайық ауданы әкімі аппаратының Чапаево кентінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2015-2017 жылдары "Батыс Консалт" ЖШС директоры қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары Алмалы ауылындағы Алмалы ауылдық округінің әкімі болды.
2018 жылдың 10 сәуірінен бастап Ақжайық аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы болды.