Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да пошта қызметкерлері зейнеткерлердің ақшасын ұрлап келген

Батыс Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаменті "Қазпошта" АҚ филиалының екі қызметкерінің ұсталғанын хабарлады. Олар зейнеткерлердің ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, алғашында әлеуметтік желіде екі әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. БҚО ЖСҚ жарияланған ақпаратты растады.

"БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қазпочта" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының пошта бөлімшелерінің бірінде болған ақшаның бір бөлігін иемдену арқылы ЖШС ақшасын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Келтірілген залал көлемі 33 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұлғалар алдау және теріс пайдалану жолымен зейнеткерлерге тиесілі 7 млн теңгеден астам қаражатты иемденген"- деді департамент.

Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен облыстың екі тұрғыны ұсталып, Орал қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарланды.

Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Басқаның сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Талқылау