Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да полицейлер өзгенің төлқұжатын тауып алған зейнеткер әжейді бірнеше сағат тергеген

72 жастағы Валерия Купцова көшеден Германия азаматтындағы төлқұжатын тауып алған, деп хабарлайды Мой город.

1353510

Фото: Константин Чалабов

Ол саяжайдан үйіне қайтып келе жатып көшеден төлқұжатты тауып алады. Оның жанында сөмкесі ақтарылып жатқан.

Сөмке иесін тонап кеткенін түсінген әжей иесіне хабарласады. Иесімен кездесіп қайтарып беруге келіседі.

«Құжат иесімен кездескенде ол маған қандай сыйақы алғым келетінін сұрады. Мен бәрінен бас тарттым. Осы кезде екі полицей келіп, тергей бастады. Менің сажайыма барып тінтіді. Кілт өзіммен болмағандықтан қақпадан секіріп кірді. Ол жақтан не іздегендеін түсінбеймін», – дейді әжей.

Полицейлер осыдан соң әжейді тергеу бөліміне апарған. Ол жақты бірнеше сұрақ қойған. Ақырында Германия азаматын белгісіз жігіттің подъезде тонағаны анықталды. Әжей осы сотқа куәгер ретінде келетін болды.

Осылайша біреуге жақсылық жасамақ болған әжейдің басы дауға қалды.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола облысында дәрігерлер шала жетіліп туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

Тұрғындарын жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлейтін 11 ел (фото)

Қарағандылық отбасы ата-әжелерінің мәйітін қабірден қайта қазып алмақ

Талқылау