Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да науқас қыздың ата-анасы басқа балалардың еміне 30 млн теңге аударды

БҚО-да арқа бұлшықет атрофиясы дертімен ауыратын Фатиманың ата-анасы дәл осындай дертке шалдыққан басқа бүлдіршіндерге 30 млн теңге аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фатиманың әкесі Қанат Құспан Instagram-дағы парақшасында қызының қазіргі жағдайы жайлы айтты. Сөзінше, Zolgensma препаратын салғаннан кейін, Фатиманың жағдайы күрт нашарлаған. 

"Бұл ұшақ бортында болды. Қыздың демікмесі ұстап, тыныс алуы қиындады. Біз қатты қорқып қалдық, ол әлі өз-өзіне келмеді. Фатима ұзақ оңалту курсынан өтуі керек, ол 3-4 жылға созылуы мүмкін.

Қызымыз жазылып кетуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Халықтың көмегімен 143 млн теңге жинадық, бұл ақшаны тек оңалту курсына жұмсаймыз", - деді Фатиманың әкесі.

Осы жағдайды ескере келе, Фатиманың ата-анасы жиналған сомманың бір бөлігін арқа бұлшықет атрофиясымен ауыратын өзге балаларға беруді жөн деп тапты. Олар: тараздық Нұрәли Азамат, қарағандылық Айкүміс Сәрсен мен алматылық Рамир Ковалевский. 

Айта кетейік, Фатиманың ата-анасы жарты жыл бойы халықтан қыздың еміне деп ақша жинады. Сәуірдің үші күні бүлдіршін құны 1 млрд теңге тұратын Zolgensma препаратын салдырды. Екпені "Қазақстан халқына" қоры алып берді.

Назгүл Әбушәріпқызы
Дүйсенбі, 11 Сәуір, 2022 12:00
Талқылау