Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да нарколог дәрігер науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген

БҚО-да нарколог дәрігер науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жібергенВидеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында аудандық ауруханалардың бірінің дәрігері науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дарьинское елді мекенінің тұрғыны Толғанай Сәтбай есімді дәрігердің желідегі видеоларына наразылық білдірді. Ер адам дәрігердің науқастардың жеке мәліметтерін ашық жариялап, дәрігерлік этиканы бұзғанына сенімді.

Видеолардың бірінде дәрігер расымен де компьютер экранынан науқастардың сауалнама деректері мен диагноздарын көрсететін құжаттарды ашып көрсетеді.


"Жеке деректердің тарауына себеп болған": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің экс-орынбасары ұсталды


Жеке ақпараттардың тарап кетуінен басқа, ер адам дәрігердің “Дәрігерлер қалай билейді” атты видеодағы биіне де таң қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде құжаттар мен науқастардың фотосуреттерін немесе бейнелерін жариялауға қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер біздің медициналық ұйымдардың беделіне кері әсер етеді. Қазір аталмыш жағдай бойынша тексеру жүргізіліп, алдын алу әңгімелері өткізіліп жатыр. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", – деді облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмас Жүнісбеков.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Ресейдің арнайы қызметтерінің "Яндекс" арқылы қазақстандықтардың деректеріне қол жеткізе алатыны туралы ақпарат тараған еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 22:54
Талқылау