Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО тұрғыны есімін не себепті Мынатаубиік деп қойғанын түсіндірді

Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында Мынатаубиік есімді қария тұрады. Ол өзі есімінің ерекшелігін айтып берді.

БҚО-да Мынатаубиік есімді қария тұрады

69 жастағы қария бүгінде «Ауыл» партия­сының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы. Айтуынша есімін әкесі қойған, деп жазады Замана.

“Әкем 1942 жылы соғысқа кетіп, 1947 жылы қайта оралады. Өзі білімді, сауатты кісі болған. сол жылы достарымен таудың басында отырып “әйелім босанса есімін осы таудай биік болсын деген тілікпен қоям” дейді. Айы-күні жетіп босанған әйеліне де осыны айтады. Алайда өмірге қыз бала өмірге келгенін айтқан. Қырық күннен соң сүйінші сұрап, мені көрсеткен екенн. Сол кезде баяғы айтқанындай есіміді Мынатаубиік деп қойыпты”, – дейді қария.

Әкесі атын толқы атамай, Мәнок деп еркелеткен, достары Марат деп атап кетіпті. Көп жағдайда адамдар есімінен шатасып жатқандықтан, өзі жазып көрсетеді екен.

“Бойым биік емес. 166 см ғана. Бірақ жеткен жетістігін биік емес. Біреуден биік, Алатаудан аласа болып өмір сүріп келеміз”, – дейді ол.

Қарияның әкесінің аты Таупиықұлы. Әкесі өз атына ұқсастырып ұлының есімін Мынатаубиік деп қойған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 16 Қаңтар, 2019 18:30
Талқылау