БҚО-да мектеп оқушысы қорада асылып қалған
Батыс Қазақстан облысы, Қазталов аауданына қарасты Қараөзне ауылында 8-сынып оқушысы қорада асылып қалған.
Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды
Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі 8-сынып оқушысының 25 мамыр күні асылып қалғанын мәлімдеген.
Асылып қалған оқушының туыстары оның денесін түннің бір уағында тауып алып, полицияға хабарласқан. Оның денесінен зорлық белгілері байқалмаған.
Болжам бойынша ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, осы бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Талқылау