Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілетінін жеткізді. 

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Осылайша, ағымдағы жылы көрсетілетін қызметті алушы азаматша А. медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мемлекеттiк көрсетілетін қызметі бойынша шағымы түсіп, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағида талаптары бұзылғандығын баяндаған.

Көрсетілетін қызметті беруші Еңбек және әлеуметтік қорғау органдары болып табылады.

Осы орайда, Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен қабылданған шаралар негізінде көрсетілетін қызметті алушыға медициналық-әлеуметтік сараптама қайта ресімделіп, бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Талқылау