БҚО-да карантинді бұзған көршілері туралы хабарлағандарға сыйақы төленеді
Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдық мерекелер кезінде карантин бұзған көршілері туралы хабарлаған азаматтарға ақы төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қонаққа бес адамнан көп шақырған жағдайда карантин ережелі бұзылады. 102 нөмірі бойынша мобильді топқа сенімді ақпарат хабарланса, 20 мың тең сыйақы алу мүмкіндігі бар.
Тексерушілер шақыруға келіп, хаттама ресімдейді және 82 мың теңге айыппұл жазады. Осыдан кейін арнайы комиссия қоңырау шалушыға сыйақы төлеуді немесе төлемеуді шешеді.
Жалпы, батысқазақстандықтарға қонаққа баруға тыйым салынбайды, тек келушілердің санын ескеру керек.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”