БҚО-да қарақұрт қаптағаны рас па: Ауыл шаруашылығы басқармасы жауап берді
Еліміздегі батыс жұрты далаға шығуға қорқып отыр. Өңірде қарақұрт қаупі бар ма деп алаңдаулы. Бұған қатысты Stan.kz ақпарат агенттігінің сауалына БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы жауап берді.
Видеодан скриншот
Әлеуметтік желі Instagram-да қарақұртқа ұқсайтын жәндіктің сурет мен видеосы жарияланды. Қарақұртты Бәйтерек ауданың Асан кентінің тұрғыны видеоға түсірген.
"17 шілдеде Асандағы үй ауласында осындай жәндік жүр. Абай болыңыздар. Қарақұртқа ұқсайды", - дейді ролик авторы.
Пост желі қолдаунышылар арасында талқыға түсті. Олар жәндіктің шынында қарақұрт екенін айтып жатыр.
Энтомолог маман Ділдә Ақбаәуленова Мой город басылымына берген жауабында бұл жақтың климаты қарақұрттардың тіршілік етуіне қолайсыз екенін айтты.
"Қарақұрттар шөл далада, жартылай шөл далада мекендейді. Атырау облысында көп. Біздің климат оларға қолайсыз. Биылғы жылы тіпті қолайсыздау. Жаз биыл ылғалды, жаңбырлы болды. Сондықтан қарақұрттар мұнда мекендей алмайды деп ойлаймын", - деді ол.
Орал қалалық обаға қарсы стансада қарақұрттардың бар болуы мүмкін екенін айтты. Қазір олардың көбейетін кезі екен.
"Суреттен қарақұрт не басқа екенін анықтау қиын. Нақты тексеру үшін бізге суреттің үлгісі керек. Адамдарды сақ болуға шақырамыз. Қазір қарақұрттардың көбейетін кезі. Егер шағып алған жағдай болса, дәрігерге дереу қаралыңыз", - деді станса зоологі Гаухар Өтебаева.
Мамандардың айтуынша, қарақұрттардың аналығы жұптасу кезінде өте улы болады. Әсіресе, маусым-шілде айында көбесейді. Тіпті қарақұрттың уынан адамның өліп кету қаупі бар.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
