AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қар басқан жолда суы кеткен жүкті әйелді шанамен тасымалдаған тұрғындардың суреттері жарияланды

БҚО-да трассаларды қалың қар басқандықтан жол жабылып қалған. Желіде суы кеткен жүкті әйелді тұрғындар шанамен тасымалдаған кадрлар пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

Бірнеше күн бұрын өңірде ауа райы қолайсыз болды. Ең күшті қар бір тәуліктен астам уақыт жауып, екпінді қатты жел қатар жүрген. Арнайы техника жолдарды қардан тазартып үлгермей, бұрқасын төтенше жағдайдың туындау қаупін арттырғандықтан, облыстық және республикалық маңызы бар барлық жолдар жабылды. Ал тәуекелге барып жолға шыққандар қар құрсауында қалған. 

Instagram желісінде Тасқала ауданынан түсірілген суреттер пайда болды. Онда автор өз аймағындағы жолдардың мүлдем тазаланбағанын алға тартады.

“Ауыл адамдары басқа жаққа қатынай алмай отыр. Бүгін жүкті әйлдің суы кетіп ауыл азаматтары жабылып жолды тазалауға тырысты. Қаншама күн өтті, жол әлі ашылмады”, –  деді автор.

Оқиға Ақтау ауылында болған. Тасқала ауданының әкімі Бауыржан Айтмағамбетов тұрғындардың жол жабылмай тұрып қарлы боран кезінде ауылдардан шығып кеткенін айтады.

“Ақтау ауылындағы жүкті әйел аман-есен шығарылды. Бәрі өз орнында. Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар ашық. Қазір елді мекендерге баратын жолдарды тазалап жатырмыз. Оян, Ақтау, Атамекен, Мерей, Амангелді, Достық елді мекендеріне баратын жолдар тазартылды. Қалған өңірлерге техника жіберіп қойдық, жұмыстар жүріп жатыр. Соңғы қарлы боран өте қатты болды және жолдар шынымен жабылды. Округте 28 ауыл бар, олар әртүрлі бағытта орналасқан, барлығына техника жетпейді. Біртіндеп жолдарды тазалаймыз. Барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр және өнімдер де жеткілікті мөлшерде бар”,  – деп сендірді аудан басшысы.

Алайда БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жүкті әйелдің Мерей ауылынан Айнабұлақ ауылына жөнелтілгенін хабарлады.

“Осы ауылдардың арасындағы қар басқан 20 метрлік учаскеде әйел жаяу жүруге мәжбүр болған. Кейін облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, аман-есен босанған. Оның да, сәбиінің де жағдайы жақсы. Оқиға орнында оны көлік күтіп тұрған. Ол шанамен жүрмеген. Ақтау ауылының адамдары шынымен де шанамен қатынаған. Алайда ол жерде жүкті әйел болған жоқ, деп хабарлады департаменттегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр