Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да екі жасар бүлдіршін антибиотиктің қате мөлшерінен көз жұмды

Сайхиндік екі жарым жасар Амангелді Мадияр Медетұлы салқын тиіп сырқаттанып қалған, бірақ Бөкейорда аудандық аурухананың дұрыс ем жасамағандығынан қаза болды.

aldiyar-e1493716321730

 

Бұрыс емдемеу бүлдіршін үшін өліммен аяқталды. Ол антибиотикке уланды, деп жазады “Уральская неделя”.

Фармбақылау комитетінің шешіміне сәйкес, бүлдіршіннің өліміне балаға антибиотик мөлшерін дұрыс белгілемеген дәрігерлер кінәлі екен. Бөкейорда прокуратурасы Алдиярдың туыстарына құжат жолдаған, оған сәйкес, облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметтің бақылау жөніндегі комитеті тексеру қорытындылары бойынша Бөкейорда ауандық аурухана дәрігерлерінің салғырттығы кішкентай науқастың өліміне әкеп соқтырғанын анықтаған.

Басылымның хабарлауынша, бүгінгі таңда Бөкейорда аудандық прокуратурасы аудандық аурухана мамандарына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс жасаған, ол Бөкейорда АІІБ-не жіберілді.

Тағы да оқыңыз:

Полицейлер енді көлік жүргізушілерін қандай жағдайда тоқтатады

Танымал гимнаст 3 бөлмелі пәтердің құнына тең той көйлегін киді (видео)

Күндізгі 30 минуттық ұйқының сізді бақытты ететінін білесіз бе?

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Талқылау