БҚО-да бүтін бір аудан ішімдіктен жаппай бас тартты
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары ішімдікті толығымен тастады. Қазір бұл жерде алкогольді ішімдіктерді сатпайды және тұрғындар арасында құқық бұзушылық азайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Poliia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алкогольден бас тарту туралы шешім жалпы жиналыста көпшілік дауыспен қабылданды. Жергілікті тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды рөл атқарды. Сырым ауданының бас имамы Қуанғали Қуанышұлы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ербол Әлімбекеровке ризашылығын білдірді. Дін қызметкері мен полиция бөлімінің басшысы алкогольден бас тартудың оң әсерін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде Сырым ауданында 7 мешіт бар.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы Алмалы ауылының да ішімдік сатпайтыны белгілі болған еді. Соңғы 5 жылда ол жерде бірде-бір қылмыс тіркелмеген, екі жылда бірде-бір ерлі-зайыпты ажыраспаған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ