Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да бірнеше аймақта өрт болып жатыр: Қазәуеақұтқару борты мен Ақтөбе облысының күштері жіберілді

Батыс Қазақстан облысының бірнеше учаскелерде құрғақ шөп өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өртті өшіру үшін облысқа су төгетін құрылғысы бар ТЖМ Қазәуеқұтқару борты жіберілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша өрттің 30-дан астам фактісі тіркелді.

Орал, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов, Бәйтерек аудандарында 20 өрт ауыздықталды. Қалған учаскелерде сөндіру жалғасуда.

ТЖД базасында құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар жедел штаб орналастырылған.

Сағат 13:20-да Теректі ауданында Айтиево кентінде құрғақ шөп жанды. Өрттің алдын ала ауданы – 50 га.  Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу үшін кенттің 44 адамы қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде – 16-сы бала. Елді мекенге төніп тұрған қауіп жоқ. Өртті сөндіруге 100 адамнан астам күштер мен құралдар, БҚО ТЖД, ЖЗҚ, "Қазавтотревел" техникасының 10 бірлігі, ЖАО және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Оқиға орнында облыс әкімі мен ТЖД бастығы тұр.

Қазіргі уақытта Новопавловка ауылында жағдай қиын. Өрттің алдын ала көлемі – 25 га. Өртті сөндіруге 20-ға жуық адам және үш бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Казталов ауданының Болашақ кентінде де құрғақ шөп өртеніп жатыр. Шамамен жану алаңы – 4800 га. Өртті сөндіруге ТЖД, "Семсер" МЕӨҚҚ, ЖАО 70-ке жуық адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.

Көмекке Ақтөбе облысының күштері мен құралдары жіберілді. Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамының 32 адамы мен бес бірлік техникасы Батыс Қазақстан облысында болған құрғақ шөптің өртін сөндіруге көмек көрсету үшін жолға шықты.

“Бірқатар өңірлерде 35-39 градус қатты ыстық болады, өрт қаупі жоғары, – делінген хабарламада.

Талқылау