Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да бір ауыл тұтастай карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауылы ертеңнен бастап карантинге жабылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

"Тасқала ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27 мамырдағы №3 қаулысына сәйкес, Тасқала ауылының эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып Тасқала ауылының аумағында 28 мамыр сағат 00.00-ден бастап карантиндік режимде шектеу және тыйым салу шаралары жарияланды", - делінген ауыл әкімідігінің Facebook-тегі жазбасында.

Атап кетерлік жайт, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 493 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін аймақта Сырым ауданы мен Жәнібек ауылы карантинге жабылыпты. 

 


 

Талқылау