Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйел емшіге барамын деп бір аяғынан айырыла жаздады

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны емшіге жүгінгенемін деп ауруын асқындырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Қант диабетіне шалдыққан әйел емшіден көмек сұраған. Алайда емшіге барған соң оның ауруы асқынып кеткен. Бұған дейін сырқатына байланысты дәрігерлер әйелдің бір аяғын кесіп алып тастағаны белгілі болды. 

"Науқастың екінші аяғына қауіп төнді. Гангрена болмас үшін дәрігерлер жарақатты тазалауды ұсынған, алайда әйел бас тартыпты. Салдарынан мамандар науқасқа шұғыл ота жасап, оның өмірі мен аяғын аман алып қалды. Қазір ол ем қабылдап жатыр", - деді аудандық аурухананың өкілдері.

Дәрігерлер мұндай жағдай бұған дейін орын алғанын атап өтті. Олардың сөзінше, емшіге барған соң жағдайы ушыққан науқастар жиі ауруханаға келетін көрінеді. Өз кезегінде ақ халаттылар тек білікті мамандардан көмегіне жүгінуге кеңес берді. 


"1 стаканға су құйып, суретке түсіріп жібер": Қазақстанда адам суретіне қарап емдейтін онлайн емшілер көбейген

Дидар Халық
Жексенбі, 24 Шілде, 2022 08:51
Талқылау