Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйел бірнеше жерінен пышақ жарақатын алды: Полиция бұрынғы күйеуін күдікті деп таныды

Батыс Қазақстан облысында ер адам бұрынғы әйеліне бірнеше жерден пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап. 

пышақ

Әйел тірі, қазір аудандық ауруханада жатыр. Ол мойнынан, кеудесінен және іс қуысынан пышақ жарақатын алған. 

"Оқиға 8 сәуірде 01:40 шамасында Бәйтерек ауданының Переметное ауылында болды. 33 жастағы ер адам кафенің маңында 28 жастағы бұрынғы әйелін пышақтап, оқиға орнынан жасырынып қалды", – делінген хабарламада. 

Полиция әйелдің бұрынғы күйеуі Нұржан Құсайыновқа іздеу жариялады. Қазір “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен тергеу жүріп жатыр. 

Талқылау