Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ауыл әкімі баласының өлімі жайлы деректер анықталды

Батыс Қазақстан облысында жергілікті мектепте сабақ беретін 22 жастағы Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі көз жұмды.

09b5fd9cec01a71505b5411d0c930238

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ол Краснов ауыл округінің әкімі Александр Шаталовтың ұлы Анатолий Шаталов. Оның өліміне бұрынғы сыныптасы Хамит Абдуллин күдіктеліп отыр.

Туыстарының айтуынша, сол күні Анатолийдің достарымен өз үйінде көңіл көтеріп жиналған. Бір уақытта Анатолий сыныптасы Хамитке пышақ ала жүгіреді. Кейіннен әкесі келіп, оларды тыныштандырады. Осыдан соң бәрі өз жайымен кеткен. Алайда, Хамит бәрі басылған соң Анатолийдің күтіп, оны өлтіріп кетеді.

Ал істің нақты қалай болғанын тергеу жұмыстары анықтайтын болады. ІІМ оқиғаға қатысты әлі пікір білдірген жоқ. Аудандық прокурордың айтуынша, күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Тұрғындардың айтуынша, Анатолий ешкімге жаманшылық ойламайтын жан болған. Қолынан келгенінше бәріне көмектесуге ұмтылып жүретін. Тіпті, күдікті Хамитке де қол ұшын берген екен.

Вячеслав Куликов

Жіберіп алмаңыз:

Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)

Семейлік әже зейнетақысына су жаңа пәтер сатып алды

Ақтөбе тұрғындары діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатудан бас тартуда

Талқылау