Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін БҚО-да "Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар" әскери-патриоттық акциясы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыған дейін акция аясында қалаға ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы келгенін жазған едік.

Дәл қазір "Атамекен" өнер ордасында аталған акция арнайы келген жеке құрамның концертімен басталды.

Оған арнайы қатысқан БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз еліміздегі қорғаныс саласының жетістіктеріне тоқталды.

"Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар" патриоттық акциясының ашылуымен бәріңізді құттықтаймын. Жалынды жастар егемен еліміздің қорғаны, ертеңі. Кезінде Әлихан бабамыз "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деген еді. Осы жерде отырған баршаңыз туған топырақтың иесісіздер. Патриот жастарымыз мықты, айбынды болуы керек, – деді өз сөзінде Нұрділдә Серікұлы.

Сонымен қатар ол өңірдегі қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген жандарды алғысхаттармен марапаттады.

Айта кетейік, облысқа арнайы келген жеке құрам облыс орталығынан бөлек Бөрлі, Бәйтерек аудандарына да барады.

Елімізде аталған акция ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру және азаматтарды әскери-патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілуде.

Гүлмира Сaрсенғали

Талқылау