Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 17 жастағы студент дәрігерлердің көмегін күтпестен көз жұмды

Оралда дәрігерлер 17 жастағы студент Нұрхат Ғаділовтың өлімінің себебін анықтап жатыр. Жігіт екі апта бойы бірнеше рет өзін жайсыз сезініп жедел жәрдем шақыртқан.

8bd6c04a4af0d4bcae9bcc11d2ab5de6_crop_l_4_t_3_w_924_h_520

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Бірақ оны дәрігерлер ауруханаға алып кетпеген. 24 қаңтар күні Нұрхат көз жұмды. Сол кезде ғана барып дәрігерлер одан қан рагын анықтаған.

Жігіт алғаш рет сабаққа бара жатқан кезде 10 қаңтар күні өзін нашар сезінеді. Үйіне келгеннен кейін жедел жәрдем шақыртады. Дәрігерлер ауырсынуды басатын екпе салып, учаскелік медицина маманына қаралу керектігін тапсырады. №1 емханада оған қауіпті респираторлық жұқпалы ауру деген диагноз қояды. Ол қолының көгерген тұсын көрсетіп шағымданғанымен, анализ алмаған.

82c4b6aed085c588f7b4bce26891adb8

Анасының айтуынша, №1 емхана дәрігерлері тек оған берілетін ауырғаны туралы анықтама уақытын созумен шектелген.

17 қаңтар күні Нұрхат Ғаділовтың басы қатты ауырып, дәрігер шақыртылады. Алайда олар магнезия екпесін салып ғана, ауруханаға алып кетпеген. Сол күні комаға түскен жасөспірімді облыстық көп профильді балалар ауруханасына алып барады. Оны ол жерде жансақтау бөліміне жатқызады. Ал 24 қаңтар күні жігіттің жүрегі тоқтайды.

“Баламыздың өлімі дәрігерлердің немқұрайлығы салдарынан болып отыр деп санаймыз. Олар нақты диагноз қоя алмады. Біз кінәлі адамдардың жазалануын талап етеміз”, – дейді әкесі Сағидулла Даулиев.

“Аталған жағдай бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Бірақ емделуші медициналық қызметкерлер тарапынан назарсыз қалмады”, – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Клара Бекматова.

Оқиғаға байланысты медициналық және фармацевтикалық саланы бақылау комитеті департаменті жетекшісінің орынбасары Сәбит Ескендіров те пікір білдірді.

“Біз тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы зерттеу жүргіземіз. Шағым білдірушілерге жауапты бекітілген заңды уақыт аясында береміз”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкентте әйелі мен баласына АИТВ (ВИЧ) ауруын әдейі жұқтырған отағасына сот үкім шығарды

Зерттеу: Адам аптасына 39 сағаттан артық жұмыс істемегені жөн

Тұрғын: Сарыағашта ақша бермесең дәрігерлер қарамайды

Талқылау