Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

БҚО-да 17 жасар қызды зорлап, өлтірді деген айыпталушыны сот залынан босатып жіберді

Қылмыстық кодекстің төрт бабымен, оның ішінде кісі өлтіру мен кәмелетке толмаған қызды зорлау бабы бойынша айып тағылған, айыпталушы Асхат Темірбаев 11 қаңтарда сот залынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Мой город-қа» сілтеме жасап.

БҚО-да 17 жасар қызды зорлап, өлтірді деген айыпталушыны сот залынан босатып жіберді

Шілде айында Зеленов ауданы Дарынды ауылында өлтірілген Дананың әкесі Ербол Өтелғалиев қызын өлтірген айыпталушы Асхат Темірбаевтың сот залынан босатылғанына сене алар емес.

«Ол төрт бап бойынша айыпталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру», 120-бабы 3-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағанды зорлау», 121 баптың 3 тармағының 3 бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасау» және 188 баптың 1 бөлігі бойынша «Ұрлық» жасау. Сот қазылар алқасымен болды және оны қазылар алқасы ақтап алды. Сонда үкім шығып, оны босатты. Ол бұрын да сотталған, енді бостандыққа шығып, біздің арамызда жүр», – дейді қайтыс болған қыздың әкесі жыларман болып.

Кісі қолынан қаза болған қыздың әкесі Асхат Темірбаевтың алғашында куәлік берген кезде бар кінәсін мойындағанын айтты. Бірақ, кейінірек ол айғақтарын өзгертіп, қысымға ұшырағанын айтқан екен.

Өлітірілген қыздың ата-анасы ұсынған айыптау актісінде 28 шілде күні сағат 1.30-да Дана мен Асхаттың достарымен бірге мектептің ойын алаңында бірге болып, алкогольдік ішімдік ішкендері айтылған.

«Ішімдікке мас болған Темірбаев шамамен 3.40-да кәмелетке толмаған Өтеғалиевамен жыныстық қатынасқа түсу туралы арам ойлаған. Сонда ол арам ниетін жүзеге асыру үшін Өтегеналиеваға ары қарай жақсы тіл табысу үшін спорт алаңынан бірге кетуге ұсыныс жасаған»,- делінген айыптау актісінде.

Сонда Дана онымен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан. Айыптау актісінде Асхат «зорлық-зомбылық үшін өзінің физикалық артықшылығын біле отырып, кәмелетке толмаған қызды қасақана бетінен бірнеше рет ұрған» деп көрсетілген. Ал бетінен соққы алған Дана жерге құлағанда, Асхат оны зорлаған. Сол кезде қыз құқық қорғау органдарына шағымданатынын айтып, қорқытқанда, қылмыскер жәбірленушіні арқанмен қылқындырған.

«Содан кейін Дананың өлгеніне көз жеткізген Темірбаев, басқа біреудің мүлкін ұрлау мақсатында, жәбірленушінің қалтасынан 150 мың теңге тұратын ақ түсті IPhone телефонын шығарып алып, кейін ол телефонды сөндіріп, арам ниетін жалғастырған. Сөйтіп, ол басқа қылмысын жасыру үшін қыздың телефонын ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен»,- делінген айыптау актісінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды