Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 10 жасар қызды зорлаған сотталушы түрменің дәретханасында асылып қалған

7 тамыз күні БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/2 мекемесінде (жалпы тәртіптегі түзету колониясы) осында жазасын өтеп жатқан 1991 жылғы Н.Бекбергеновтің мүрдесі кезекші бөлім қасындағы дәретхана есігінің тұтқасына асылған күйі табылған.

8774738

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм арнайы киімінің күртесін пайдаланып, отырған күйі тұтқаға асылып қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем, Орал қалалық ішкі істер басқармасы Зашаған полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылған. Облыс прокурорының көмекшісі Ә.Ақмулдин де барған.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Бұдан бұрын сотталушының шартты түрде мерзімінен босату және қоныс колониясына аудару жөніндегі екі өтінішін орындаудан бас тартылған.

Жазасын өтеу орнында мінездемесі оң бағаланады, бес рет ынталандырылған.

Айта кетейік, Н.Бекбергенов сотталғанға дейін БҚО-ның Шыңғырлау ауданы орталығында тұрған, бұрын сотталмаған, соттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі үкімімен бетперде киген күйі үйдің терезесін сындырып, басып кіріп, пышақпен қорқытып, 2000 жылғы қыз бен оның анасын зорлағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталған. 2010 жылғы 27 қазаннан басталып есептелген жазасын өтеп бітіруге аз қалған екен.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде туған әкесінен зорлық көрген қыз бала екі рет асылып қалмақ болған

Өзін зорлағанды сотқа берген қыз қысымға шыдамай асылып өлді

БҚО-да мектеп оқушысы қорада асылып қалған

ШҚО-да асылып қалған қыздың өліміне себепші болған жігітке қатысты үкім шықты

Талқылау