Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданында болды

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы дәнді дақылдар мен бақша өнімдеріне бай аудан. Алынған өнімдерді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін заманауи қоймалары да, оларды өңдейтін өндіріс орындары да осында.

Осыған орай, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданында болды. Сапар барысында өңір басшысы аудандағы “Рубежинское” АШӨК, “Хаминское” ЖШС, “АгросервисБатыс” ЖШС және басқа да шаруа қожалық басшыларымен жүздесіп, бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты.

“Біздің міндетіміз - халықты ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен қажетті көлемде және қолжетімді бағада қамтамасыз ету”,- деп облыс әкімі дәнді дақылдары мен бау-бақша өнімдерінің жергілікті жерде молырақ өндірілуі керектігіне тоқталып өтті.

 

Өңір басшысының сұрағына жауап берген “Хаминское” ЖШС шаруашылық жетекшісінің сөзінше, мұнда 40 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 250 мың теңге. Еңбекақы, салық, тағы басқасы уақтылы төленеді. Кадрға қатысты мәселе жоқ. Қызметкерлерге екі есеге төмен бағада мал азығы, бидай және тағы басқасы беріледі. Серіктестік иелегінде 6,9 мың гектардай жер болса, 4,6 мыңнан астамы егістік. Биыл 3,7 мың гектардан аса жерге дән егілді. Қазіргі таңда 1108 гектар жерге себілген күздікті толықтай жинап болды. Одан орта есеппен гектарына 20 центнерден өнім алған.

Талқылау