“Ешбiр iсте күнәм бар деп қорықпаймын”: Бизнесмен Марғұлан Сейсембай қоғамдық қызметін тоқтатпақ
Бизнесмен Марғұлан Сейсембай өзінің қоғамдық қызметін тоқтатады. Бұл туралы мәлімдеген ол желтоқсан айының соңында «Альянс Банкке» қатысты іс қайта қозалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Марғұлан Сейсембай 2009 жылға дейін «Альянс Банк» АҚ-тың директорлар кеңесінің төрағасы болған еді.
Ол Facebook желісінде жариялаған жазбасында «Альянс Банк» АҚ-тың бұрынғы қызметкерлері мен қарыз алушы компаниялардан жауап алына бастағанын айтты. Алайда ешбiр iстен күнәм бар деп қорықпаймын, дейді ол.
«Осыған байланысты мен өзімнің әлеуметтік белсенділігімді қысқартамын.
Бiрiншiден, Тұңғыш Президент саябағындағы Business lifehacker тобында бизнес мәселелердi талқылап кеңес беретiн таңғы серуенiмдi тоқтатамын.
Екiншiден, Nomad Explorer ұйымдастыру тобынан шығамын. “Оңтүстiк аңыздары” экспедициясының ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру комитетiне тапсырамын.
Үшiншiден, “2-шi жастық” тобынан шығамын.
Төртiншiден, “Қоңыр унитаз” флешмобын тоқтатамын.
Бесiншiден, Alma museum мұражайы мен “Алмалы жұмақ” қоғамдық қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.
Алтыншыдан, мемлекеттiк мұғалiмдердi қолдауға арналған “Qalam” қорын жеке балансқа шығарып өзiмнен бөлiп тастаймын.
Жетiншiден, елiмiздiң әжетхана мәселесiн көтерiп, талқылауды тоқтатамын.
Сегiзiншiден, жастарға бизнес жөнiнде дәрiс оқығанды тоқтатамын.
Тоғызыншыдан, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бергендi тоқтатамын.
Оныншыдан, белсендiлiк көрсетiп, жаңа бастамаларды ұсынуды тоқтатамын.
Мен бұрынғыдай өз елiме деген сүйiспеншiлiктi сақтап, елiмiздiң дамуына үлес қосып, өз орнымда қабiлетiмдi аямай адал iстердi алға жүргiзе беруге тырысамын», – деп жазды Сейсембай.
Марғұлан Сейсембай – танымал бизнесмен және инвестор. 1990 жылдары «Сеймар» компаниясының негізін қалаған. «Альянс Банк» және «КаР-Тел» (К-Моbile) ұялы байланыс операторының иесі болған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
