Бизнеске кедергі келтіру ауыр қылмыс қатарына жатқызылады - Тоқаев
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес үшін заңсыз кедергілер жасауға жол берілмейтіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалған дамыған елдердің қатарына енуі керек. Кез келген заңсыз кедергілер ауыр қылмыс болып саналады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр Отан" партиясының ХХ съезінде.
Президенттің айтуынша, тікелей шетелдік инвестиция көлемін жылына 30 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бизнесті дамыту төңірегінде елімізде бірқатар шаралар қолға алынбақ.
"ШОБ-қа жан-жақты қолдау көрсетіледі, 2025 жылға қарай ШОБ 4 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп, жалпы ішкі өнімнің 35%-ын құрайды. Біздің 50 мың азамат, ең алдымен ауылдық жерлерде, өз бизнесін бастау үшін шағын несие ала алады", - деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, осыған дейін президент дәрігерлер мен жаттықтырушылардың жалақысы неше есеге өсетінін айтқан болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
