Бизнеске арналған цифрлық кредитті Freedom Bank Қазақстанның премьер-министріне таныстырды
Freedom Holding Corp.-тың бас атқарушы директоры Тимур Турлов Астана қаласында цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясында Олжас Бектеновке банктің цифрлық өнімдері мен сервистерін таныстырды.
ЖШС үшін цифрлық кредитке басты назар аударылды, банкте бұл үдерісті онлайнға аударып, қарыз алу уақытын 1 күнге дейін қысқартты. Енді кәсіпкерлерге құжаттар тізімін жинаудың қажеті жоқ. Бүкіл процесс цифрландырылған және мемлекеттік қызметтермен біріктірілген, бұл қарыз алушы туралы ақпаратты бірден алуға және шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Егер клиент классикалық, цифрлық емес бизнес-кредит алу процессі 30 күнге дейін созылатын болса, онда Freedom Bank 1 күн ішінде айналым қаражатын 100 млн теңгеге дейін толықтыруға кредит рәсімдеуді бөлімшесіне бармай-ақ ұсынады.
Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі
"Қазақстанда 400 мыңнан астам заңды тұлға жұмыс істейді. Бұл сегментте қарыз қаражатына деген қажеттілік жоғары, бірақ бұл ретте біз бұрын болған қарыз алу процесі ұзақ және күрделі болғанын түсінеміз. Кредит алу үшін кәсіпкерлерге көлемді құжаттар пакетін жинау, оны банкке ұсыну, банк менеджерлерімен көптеген заңды, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтау және мақұлдауды күту қажет болды. Бұл процесс кем дегенде бір айға созылатын! Freedom Bank-тің цифрлық өнімдерді шығарудағы сәтті тәжірибесін ескере отырып: ипотека, автокредит және ЖК кредиті, келесі логикалық қадам жасау – ол заңды тұлғаларға арналған цифрлық кредиті болды. GovTech интеграциясының арқасында біз клиенттің жолын толығымен цифрландыра алдық. Кәсіпкерге телефон нөмірін, компания басшысының ЖСН және БСН енгізу арқылы ғана онлайн өтінім беру қажет, бұдан әрі жүйе клиентті автоматты түрде тексеруді, оның қаржылық деректерін талдауды, ықтимал лимитті есептеуді және банктік қарыз шартын қалыптастыруды жүзеге асырады".
Кәсіпкерлер ЖШС үшін 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге цифрлық кредит ресімдей алады, қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн теңге (номиналды мөлшерлеме жылдық 19,5%, ЖТСМ 20,4%-дан 20,7%-ға дейін).
Сондай ақ Үкімет басшысына банктің басқа да цифрлық өнімдері мен сервистері таныстырылды. Олардың ішінде жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, сәйкестік тексерулерін автоматтандыру, соның арқасында бір өтінімді өңдеу уақыты 8 минутқа дейін қысқарды. Салыстыру үшін бұл процесс бұрын 5 сағаттан екі күнге дейін созылды.
Автоматтандыру шексіз өтінімдерді өңдеуге мүмкіндік беріп, тәуекел деңгейін анықтап және егжей-тегжейлі қорытындымен клиенттің цифрлық портретін қалыптастырады.
Инновациялық өнімдерді әзірлеумен қатар, банкте қаржылық сауаттылықты дамытуға да баса назар аударылады. Өз сөзінің аясында Тимур Турлов Freedom инвестициялық валютасы (ETN биржалық нотасы) туралы айтты, ол банк карталары бойынша әрбір транзакциядан кешбэк түрінде есептеледі. Валютаның бірегейлігі - бұл Nasdaq-тағы Freedom холдингінің акциясына байланысты. Акция бағасының өзгеруімен Freedom инвестициялық валютасының құны да өзгереді.
Тұсаукесер соңында Тұран жолбарысын - Turan jolbarysy құтқару бойынша Freedom арнайы картасының шығарылымы да жарияланды.
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы
"Фридом Банк Қазақстан" АҚ – жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық Банкі. Банк ипотекалық кредит, автокредит және бизнес кредиттерін алуды цифрландырды. Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы инвестор картасын INVEST CARD және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.