Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Бизнес жоспарды өздігінен қалай жасауға болады
Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі мамандардың көмегінсіз-ақ, бизнес жоспар құрастырудың ережелерін ұсынады.
Ағылшын ғалымы, философ, әдеби сыншы Эрнст фон Фейхтерслебен айтқандай, «жоспар бұл – білімді адамдардың армандары».
Бизнес-жоспардың мақсаты
Өзің айналысқың келетін істі таңдаған кезде, оны қалай ұйымдастыратындығыңызды анықтауыңыз керек. Яғни жақын арадағы болашағыңызды жоспарлауыңыз қажет. Бизнес-жоспар бәріне керек:
– Жобаңызды іске асыруға ақша бера алатын банкирлер мен инвесторларға;
– Өз міндеттері мен болашағын түсінгісі келетін қызметкерлеріңізге.
– Және идеяларыңыздың ақылға қонымдылығын және шынайылығын тексеру үшін сіздің өзіңізге керек.
Бизнес-жоспар – бұл:
– Болашақ кәсіпорынның немесе жобаның барлық негізгі аспектілерін сипаттайтын
– Алда кезігетін барлық проблемаларды талдайтын
– Анықталған проблемаларды шешу жолын анықтайтын құжат.
Дұрыс құрастырылған бизнес-жоспар – бұл жоспарланған бизнеске ақша салу керек пе және ол барлық күш-жігер мен ақшаны ақтай отырып, кіріс әкеле ме деген сұрақтың нақты жауабы.
Маңыздысы, жоспарды компанияның қазіргі немесе болашақ көшбасшылары, яғни бизнес-жоспарды жүзеге асыру үшін жауапкершілік алуға қорықпайтын адамдар жүргізуі керек. Бірақ бұл, әрине, осы саланың мамандары мен сарапшыларының қызметтерін пайдаланудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Дегенмен, бизнес-жоспар құру үшін де консалтингтік фирмалар айтарлықтай ақша сұрайды. Бірақ, сіздің өзіңіз де шығындарды азайта отырып, жоспарды өзіңіз де жасай аласыз. Осы іске кірісе отырып, сіз болашақ қызметіңіздің үлгісін ғана емес, сонымен қатар өзіңіздің де және жоспарыңыздың да мықтылығын тексере аласыз.
Сонымен, бизнес-жоспардың негізгі мақсаты: ол кәсіпкерлерге келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
– болашақ нарықтың сыйымдылығы мен даму келешегін зерттеуге.
– нарыққа қажетті өнімдерді өндіру шығындарын бағалап, оларды бағамен салыстыруға.
– істің жағдайын реттеу мүмкін болатын көрсеткіштерді анықтауға.
Есіңізде болсын! Бизнес-жоспар әдетте болашақ үшін жазылады және оны алдағы 3-5 жылға құрастыру керек. Сонымен бiрге, бiрiншi жылда негiзгi көрсеткiштерді айға, екiншi жылда тоқсандыққа және үшiншi жылдан бастап жыл сайынғы көрсеткiштерге бөлу керек.
Әйтсе де, бүгінгі таңда экономика тұрақты болмағандықтан, бизнес жоспарды бір жылдан астам уақытқа жоспарлау мүлдем тиімді емес. Сондықтан көптеген адамдар қазірдің өзінде бір жылға ғана жоспар жазумен шектеледі.
Бизнес-жоспардың құрылымы
Бизнес-жоспар күрделі құрылымға ие. Ол компанияның бүкіл өмірін құру сәтінен бастап, тұрақтылық пен орнықтылық сәтіне дейін түсінікті және лезде іскери тілде жазылуы керек. Бизнес-жоспар кез-келген кәсіпкерге, қаржыгерге және банкирге, сондай-ақ әлеуетті серіктестерге түсінікті болуы керек. Құпиялылық туралы меморандум бизнес-жоспармен танысқан адамдарды құжатта қамтылған ақпараттың құпиялылығы туралы ескерту үшін дайындалады. Ол меморандумда көшіруге тыйым салу, жобаны үшінші тұлғаларға беру және жобаны авторға қайтару туралы талап болуы мүмкін.
Бизнес-жоспар әлдайым қысқа, әрі сыйымды болуы керек. Дегенмен, кейде проблеманың мәнін анықтау үшін мазмұнды жеткілікті түрде тереңдетеді. Ұсынылатын көлем 30 – 70 беттен көп емес. Ал барлық қосымша құжаттарды бизнес-жоспардың қосымшасына шығару керек.
Есіңізде болсын, бизнес жоспарда мөлшерлі ақпараттарды көрсету маңызды.
Сіз назарда ұстауыңыз керек негізгі ұстанымдар:
1. Аннотация (1 бетке дейін) – жоғарғы басшылыққа жазбаша өтініш.
2. Түйіндеме (1-3 бет) – бизнес-жоспармен таныстыратын негізгі ақпарат.
3. Бизнес-жоспар (45-60 бет) – инвестордың жобаны сарапшылармен және мамандармен егжей-тегжейлі зерделеуі үшін.
Есіңізде болсын, кез келген бизнестің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан барлық жағдайларда «стандартты» жоспардың болуы мүмкін емес. Мұнда тек, жалпы принцип, яғни бизнес-жоспар құрудың құрылымы ғана болады.
Түйіндеме
Сіздің бизнесіңіз әрқашан тұжырымдармен басталуы керек. Сіз оларды ең соңында жазасыз, бірақ олар сіздің бизнес-жоспарыңыздың ең бірінші пункті болуы керек. Түйіндеме бұл – жазылған бизнес-жоспардың нәтижесі. Бұл әлеуетті инвесторлардың көпшілігі оқитын жалғыз бөлік.
– Бизнес-жоспардың мақсаты.
– Қаржыландыру қажеттілігі, олар қандай мақсаттарға қажет.
– Бизнестің қысқаша сипаттамасы және оның мақсатты тұтынушысы.
– Бәсекелестерден негізгі айырмашылығы.
– Негізгі қаржы көрсеткіштері.
Бизнес-жоспар
1. Мақсаттары мен міндеттері
Мұнда сізге идеяны талдау қажет болады. Мықты және әлсіз жақтарын, сондай-ақ мүмкіндіктері мен қауіптерін ашыңыз.
Идеяны талдау.
Қызметтің мақсаты (неге қол жеткізгіңіз келеді).
Өнеркәсіптің сипаттамасы.
2. Өнім (қызмет)
Бұл бөлік сарапшыларға ғана емес, қарапайым адамдарға да түсінікті, нақты тілде жазылуы керек.
Өнімнің немесе қызметтердің сипаттамасы және олардың қолданылуы.
Бірегейлік.
Бизнеске қажетті біліктілік пен технологиялар.
Лицензия / патенттік құқық.
3. Нарықты талдау
Нарық пен маркетинг барлық компаниялар үшін шешуші фактор болып табылады. Алдымен сіз көп мөлшердегі алғашқы ақпаратты жинап, өңдеп алуыңыз қажет.
Сатып алушылар.
Бәсекелестер (олардың күшті және әлсіз жақтары).
Нарық сегменттері.
Нарық мөлшері мен өсуі.
Нарықтық бағалау үлесі.
Сіздің клиенттеріңіздің құрамы.
Бәсекелестік әсері.
4. Маркетинг жоспары
Бұл кезеңдегі негізгі міндет – әлеуетті инвестордың сеніміне және ықыласына ие болу. Егер, арнайы біліміңіз болмаса, маркетинг бойынша кітаптар оқып шығып, мамандарға жүгінуіңіз қажет.
5. Өндірістік жоспар
Мұнда сіз иеленетін үй-жайға, оның орналасқан жеріне, жабдықтарына, қызметкерлеріне қатысты барлық мәселелерді қарастыруыңыз керек.
Үй-жайдың орналасқан жері.
Жабдықтар.
Негізгі материалдар мен жабдықтарды жеткізу көздері.
Қосалқы мердігерлерді пайдалану.
6. Басқарушы қызметкерлер
Инвестициялар бизнес-жоспарға емес, белгілі бір адамдарға жасалады, өйткені бұл бөлім ең маңыздысы болып табылады.
Негізгі басшылық құрам.
Қызметкерлер құрамы.
Сыйақы.
7. Қажетті ресурстар көлемі мен қаражат көзі
Бұл бөлімде сіз өз ойыңызды төмендегідей көрсетесіз:
Қажетті қаражат мөлшері.
Оларды алу көздері, түрі, уақыты
Қаражатты қайтару уақыты
8. Қаржылық жоспар және тәуекелді талдау
Іскер адамдар сандармен жұмыс істегісі келетіндер және олардан қорқатын адамдар деп бөлінеді. Бірінші санаттағы адамдар үшін бизнес-жоспардың бұл бөлімі өте маңызды.
Сату көлемі, пайда, құны және т.б.
Тәуекелдер және оларды қалай алдын-алуға болады.
9. Толық қаржылық жоспар
Бизнес-жоспарға толық қаржылық жоспар қосу қажет:
Сатылу мөлшерінің болжамы.
Пайда мен шығынның бағалануы.
Ақшалай қаражаттар ағынын талдау (айына бір рет, кейін тоқсан сайын).
Жылдық баланс.
Және, ең соңында бизнес-жоспар жасау үшін:
Біріншіден, басқа да бірнеше бизнес-жоспарларды оқып шығыңыз.
Бизнес-жоспар сіздің жеке тұлғаңызды көрсетуі керек.
Бизнес-жоспар дайындау – бұл қиялдың қосылуын талап ететін жұмыс.
Таңдалған бағытта тәжірибе мен дағдыларды меңгеріңіз.
Бизнес-жоспарды моральдық және физикалық түрде шаршап тұрған кезде емес, бойыңыз энергияға толы күндерде жазыңыз.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
