Бизнес ашуда жолы болмаған: Қытайдан келген қазақ Қазақстанда қылмыстық топ құрып, заңсыз саудамен айналысқан
Атырауда 12 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан. Жақында қылмыстық бизнеске қатысты сот үкімі шықты. Топты ҚХР азаматы болған қазақ басқарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме беріп.
38 жастағы қылмыстық топ басшысы болған Қытай азаматы - этникалық қазақ. Ол Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Құлжа ауылында дүниеге келген.
Басылымның жазуынша, ол бала кезден Қытайда түрлі кәсіппен айналысып, кейін Қырғызстанда көкініс, киім-кешек, мата, ыдыс-аяқ сатқан.
"2016 жылы алғаш рет Қазақстанға келіп, алдымен Таразда болып, кейін Алматыда бизнес ашқысы келді, бірақ жолы болмады. Бір жылдан кейін Қытайға қайта оралды. Онда сол кезде ислам дінін берік ұстанған адамдар қудаланып, солармен бірге оның үш ағасы Синцзяньдағы арнайы түзеу лагеріне қамалды. Болмысы қазақ қытайлық азамат таңдау жасап, 2018 жылы ҚР азаматтығын алады", - деп жазады басылым.
2018 жылы ол қылмыстық жолмен кәсіп бастап, өзінің бұрынғы туған жеріне киіктің мүйізін сатты.
- "Намаз оқығаны үшін 15 жылға соттаған": Түзету лагерьлеріне жабылған қандастарымыздың туыстары Қытай елшілігінің алдына нарызылыққа шықты
- 40 мың теңгемен бизнес ашқан қазақстандық келіншек отбасын асырап отыр
Сот талқылауында анықталғандай, 2018 жылдың жаз айынан бастап 38 жастағы ер адам киік мүйіздерін шығыс медицинасымен айналысатындарға сату мақсатында Қазақстанда қылмыстық топ құрады.
Алдымен топқа Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары қосылып, кейін қылмыстық топтың құрамы Орал, Атырау, Алматы, Қызылорда, Шымент, Қарағанды, Жезқазған тұрғындарымен толықты.
Жұмыстың барысы бойынша олар киіктің мүйізін жоғарыда аталған өңірлерден сатып алып, пойызбен Алматыға жолсеріктер жеткізеді (олар қаптамада не бар екенін білмейді). Ол жерден бағалы жүк Қытайға өткізіледі.
2019 жылдың қазанында қылмыстық топты Алматы, Ақтөбе және Атыраудағы Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері құрықтады. Жедел тергеу тобы тінту жүргізген кезде 1 тонна 118 келі киіктің мүйізін тәркіледі. Қылмыскерлер жануарды өлтіріп, мүйізін кесіп алып отырған, ал етін далаға тастаған.
Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке 5 млрд 665 млн теңге мөлшерінде зиян келген. Олар қылмыстық топтың мүшелері ұсталған кезде топ басшысы пара беріп, тоқтатқысы келді. Алайда жоспарлары іске аспаған.
Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, сот 12 адамды ҚР ҚК 262 және 339-бабымен кәнілі деп таныды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар қылмысын мойындамай, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалды.