Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізге тең келетіндер қайда?": Әбдіжаппар Әлқожа Ninety One-ды өзіне "тең" санамайтынын мойындады

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа «TalkLike» жобасының шығарылымында қонақ болып, өзінің репертуары, "сыйлайтын" әріптестері туралы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы жастардың сүйікті тобы NInety One-ды неге мойындамайтынын және оларды өзіне неге тең санамайтынын да түсіндірді.

Жүргізуші Аман Тасығанның бірнеше сұрағына жауап берген әнші өзін "елдің баласы" деп атады. Аман Тасығанның “Әбдіжаппар салмақты өлеңдерге көше ме?” деген сұрағына бір бағытта ән айтқанды жөн көрмеймін дейді. 

Әнші бір бағыттағы, хиті жоқ орындаушылар қатарына Ғалымжан Молданазарды, “Ninety one” тобын жатқызды.

“Ғалымжан Молданазар өзінің стилімен шықты, ал қазір өлеңдері қайда? Оның стилі ерекше, музыкасы да жақсы, бірақ қазаққа біз сияқты не беріп жатыр? Немесе Ninety one-ды алайық, тура сондай бір бағытта ән шырқап жүргендер. Керемет хиттері бар деп айта алмаймын. Бізге тең келетіндер қайда?” - деді әнші.  

Әндерінің жанрлары туралы Әбдіжаппар Әлқожа:

“Мен Төреғали, Қайрат, Нұрболат сияқты қазақи, тойда жүрген, концертте жүрген жігіттер сияқты қалаған жерден шәй ішіп, елмен фотоға түсіп еркін жүремін. Біз елдің баласымыз, репертуарымызды өзгертпеуіміз керек. Әндерім - әртүрлі. Шынайы тыңдармандарым оны біледі. Лирика, патриоттық, еуропалық, шығыс поп-музыкасы да бар. Әндегі тақырып ерекше болса, селт еткізіп отырса деймін”, - деп жауап берді.
 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Қаңтар, 2020 11:58
Талқылау