Біздің жағдайымыз барша еліміздегі жағдаймен бірдей - Даниал Ахметов жемқорлық туралы
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жемқорлық мәселесі туралы айта келе, мұны "барша елде бар мәселе" деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Журналистердің бірі әкімге сауал қойып, Нұртай Сәбилянов сұхбаттарының бірінде Шығыс Қазақстан облысын жемқорлық жайлағаны туралы айтқанын мәлімдеді.
"Жемқорлық – өте қызық мәселе. Бұл мәселемен күресіп келе жатырмыз. Бұрынғы депутат Сәбилянов біздің облыста жұмыс істегенде осы туралы неге айтпады? Осыған таңқаламын. Айтсын, келсін, мәселені көтерейік", – деді Ахметов.
Облыс әкімі ШҚО-дағы жағдай барша еліміздегі жағдаймен бір екенін қосып өтті.
"Бізде арнайы бюро жұмыс істейді. Сол себепті біздің жағдайымыз барша еліміздегі жағдаймен бірдей", – деп түйіндеді әкім.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ