Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біздің қателігімізге жауап бермесең екен: Ләйлә Сұлтанқызы ұлына жантебірентерлік құттықтау жолдады

Бүгін Ләйлә Сұлтанқызының отбасында қуаныш. Танымал тележүргізушінің тұңғышы Сағадат мүшел жасқа кірді. Бұл орайда Сұлтанқызы ұлына жантебірентерлік құттықтау жолдады, деп жазады Stan.kz.

Біздің қателігімізге жауап бермесең екен: Ләйлә Сұлтанқызы ұлына жантебірентерлік құттықтау арнады

Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет бала босанған күнін еске алды.

“24 қаңтар… Таңға жуық мазам кете бастады. Толғақ басталды. Жеңгем Гүлзирамен бірге Алматының “Ана мен баласына” жеттік. Бүкіл қабылдау процедураларын өткенше қатты шаршадым. Толғақ қысып барады. Шыдай алар емеспін. Тұңғышым болғандықтан анау айтқандай опыт та жоқ. Қажет болар деп, эпидуралка туралы алдын ала оқып алғам. Қатты қиналсам салдырам деп ойлағанмын. Шыдай алмаған соң салдырдым, адамнан адам шығу оңай болушы ма еді. Төменгі жағым ешнәрсе сезбейді.

Түскі 14:45-те Нағима Мусралиевна, Алия Робертовна сынды білікті мамандар (жоғарғы санаттағы акушер/гинеколог) Сағадатымды босандырып алды. Алғашқы іңгәсін естігенде дүние айналып кеткендей… Тер мен жас қатар ағуда.. Алғаш рет кәкәйдің де тәтті боларын түсіндірген тұңғышым бүгін бірінші мүшел жасына кірді. Құдайдан бір ғана нәрсені сұраймын: денің сау болсын және ешуақытта біздің қателігімізге сендер жауап бермесеңдер екен. Қалғанына өз біліміңмен, пысықтығыңмен қол жеткізесің! Мен сенем, сенем және тағы да сенем”, – деп ақжарма тілегін жеткізді Сұлтанқызы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Қаңтар, 2019 14:13
Талқылау