"Біздің қаламызда жақсы адамдар тұрады": алматылық азамат ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырғанын айтып берді
Алматы тұрғыны ұшақ апатына көпшілікті бей-жай қарамағанын жазды. Оның айтуынша, Алматыда тек жақсы адамдар тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Түс ауған кез. Бұқар Жырау көшесімен қан орталығына жақындап клеемін. Кептеліс болған соң жаяу келдім. Қарсы алдыма қыздар шықты. Өткен аптада ғана қан тобымды анқтағанмын, енді ұмытпасам болды деп келе жатырмын. Орталыққа қарай адамдар көбейіп жатыр. Жүздеген адам қан тапсыру үшін кезекте тұр. Үлкен кісілер, жастар, жігіт пен қыздар. «Сен қайдан жүрсің?» «Мен қан тапсыруға келдім» деп айтып жатыр бір-біріне. Барлығы осында», – деп жазды желі қолданушысы.
Айтуынша, көп адам көмектесу үшін қан тапсыруға келген.
«Жүздеген адам жиналған. Жаңадан да келіп жатқандар бар. Сирек кездесетін қан топтағыларды кезексіз кіргізіп жатыр. Бір студент жігіт тез кіріп кетті. Мен ішімнен менікі де сәйкес келсе кен деп тілеп тұрмын. Тіпті оларды іштей қызғанып тұрмын. Анкета толтыратын кезде орысша ма, қазақша ма деп сұрайды. Тіпті кейбіреулер өз қаламдарымен келген. Зейнетақыдағы кісілерден бастап студенттерге дейін қан тапсырып тұр. Бүгін мен қандай жақсы мекенде өмір сүріп жатқанымды білдім. Мен қалада тұрамын. Ал қалада тіршілік қайнап жатыр. Қала ол ғимараттардың аты, шенеуніктер емес, ол неше түрлі адамдар. Бір-біріне ұқсас адамдар. Апат болғанын ести сала көпшілігі қан тапсыруға келген. Үйлерінде тыныш отыра алмаған. Адамдар бұл оқиғаға бей-жай қарамайды. Бұл өткен жылдың қорытындысы болып қалмақ», – деп жазды "Алматы. Что где? Когда" фейсбук парақшасында Ержан Есімханов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
