Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздің халық бірден бүлдіреді": Алматыдағы жаңа музей вандалдардың қолынан зардап шекті

музей арт (1)

Фото: Rail Power

Almaty Museum of Arts қызметкерлері музейдегі кейбір жұмыстарға қатысты вандализм фактілері тіркелгенін хабарлады. Ашылған алғашқы бірнеше күнде мұражайды мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары тамашалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Адиса Кин әлеуметтік желілерде жаңа ашылған музейде орын алған вандализм оқиғалары туралы жазды. Оның айтуынша, кейбір келушілер қабырғаларға жазулар қалдырып, кілтпен беттерін сызып, тіпті бір экспонаттың фрагментін жұлып әкеткен.

"Сондықтан сіздерден өтінерім, егер музейге келгенде біреудің мүлікті бүлдіріп жатқанын көрсеңіздер, міндетті түрде қызметкерлерге хабарлаңыздар немесе батыл түрде ескерту жасаңыздар", – деп жазды ол.

Өткен демалыс күндері Almaty Museum of Arts ерекше назарға ілігіп, мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарын жинады. Ұзын-сонар кезектер де болды. Арт-кеңістік өкілдері билеттерді онлайн сатып алуға кеңес беріп келеді, себебі бұл тірі кезекте тұрудан құтқарады.

Бұдан бөлек оқырмандар жаңа ашылған өнер музейінде кейбір адамдардың қабырғаға жазу қалдырып, беттерін тырнап, тіпті бір экспонаттың бөлігін сындырып кеткеніне қатты наразы болды. Олар мұны жабайылыққа теңеді. Кейбірі әлі музейге барып үлгермей жатып, бірнеше экспонаттың бүлінгенін естіп, “жақсы дүниені бере қойса, біздің халық бірден бүлдіреді” деп қынжылды.

Басқалары мұндай әрекет үшін үлкен айыппұл салу керек екенін айтып, шамамен 700 мың теңге көлемінде болса, әділ болар еді деген пікір білдірді. Енді екінші пікір білдірушілер небәрі бірнеше күн өткеніне қарамастан, экспонаттардың бүлінгеніне таң қалып, мұны варварлық деп санады.


Қазақстандық отбасы ұлттық парк аумағындағы вандалдар бүлдірген жартастарды қалпына келтірді


Туристер Көбейтұз көлінен қызғылт тұзды жаппай қазып әкетіп жатыр (видео)


Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында 38 жастағы ер адам Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдіріп, тақтайшаға “Олжас” деп жазып кеткен. Оқиға Зеренді ауданында 26 қазанда тіркелді. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 294-бабы (“Вандализм”) бойынша тергеу жүргізілді. Оған 100-200 айлық есептік көрсеткіш (393 200 – 786 400 теңге) көлемінде 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 13:39
Талқылау