Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздің басты міндетіміз – жұмысымызға жауапкершілікпен қарау" - елордалық дезинфекторлар

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Адам көп жиналатын жерлерге ерекше көңіл бөлінеді: әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттер, тротуарлар, балаларға арналған ойын алаңдары, кіреберістер мен т. б.  дезинфекциядан өтіп жатыр. Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күнделікті 450 адам қатысады. Дезинфекциялау іс-шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.

"Таңертеңнен бастап, аулаішілік аумақтарды, кіреберістерді, алаңдарды, балаларға арналған ойын алаңдарын дезинфекциядан өткіземіз. Адамдар көп жиналатын жерлерге көп көңіл бөлеміз, бұл өте маңызды. Препарат тиімді. Тұрғындар барлық сақтық шараларын сақтауы керек. Біздің жұмысымызда маскалар, медициналық қорғаныс құралдары міндетті түрде болуы шарт. Дезинфектордың жұмысы-еңбекті көп қажет ететін процесс. Барлығымызда арнайы киім бар, ауыр аппаратураны көтеріп жүреміз. Оны толтырып тұру қажет. Аумақты мұқият өңдеу маңызды. Біздің басты міндетіміз – жұмысымызға жауапкершілікпен қарау", - деді Қуаныш Танкеев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр