Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді жоюды көздеді": Қытайдағы қайта тәрбиелеу лагерінің бұрынғы тұтқыны басынан өткен сұмдық оқиғаларды айтып берді

Қытайдағы ұйғырларды қайта тәрбиелеу лагерінің бұрынғы тұтқыны өзі бастан өткерген сұмдық жағдайлар, насихат және "тазартылған тарих" туралы айтты. The Guardian басылымы Гүлбахар Хайтиваджидің әңгімесін баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гүлбахар Хайтиваджи күйеуі мен екі баласымен Қытайдағы туған қаласын тастап, Францияға 2006 жылы көшіп келген.  Отбасы қысым көрсету мен кемсітушілікке байланысты тұрғылықты жерін өзгерткен. Францияда олар босқын мәртебесін алып, жаңадан өмір бастаған. 

Әйелдің күйеуі Керім Қытай азаматтығынан мүлде бас тартқан. Ал Гүлбахар ондай қадамға бара алмады, өйткені туған жерінде анасы мен сіңлісі қалған. Азаматтықтан бас тартса, оларды мүлде көре алмайды.

Гүлбахар 1988 жылы Үрімші университетін бітірген, бірақ жұмыс таба алмаған. Себебі бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларда "ұйғырларды қабылдамайтынын" ашық жазған. 

Керімді бұл жағдай қатты алаңдатқан. Ал Гүлбахар назар аудармауға тырысқан. Ерлі-зайыптылар Карамай қаласындағы мұнай компаниясында 20 жыл жұмыс істеді. 2002 жылы Керім Қазақстанға жұмыс істеуге кеткен, содан кейін Норвегиядан жұмыс іздеді. Франциядан баспана сұрап, өтініш жазған. Кейінірек, 2006 жылы оған екі қызы мен Гүлбахар қосылады.

Гүлбахар Карамай мұнай компаниясында жұмыс істеген кезіндегі теңсіздікті есіне алды. Онда қызметкерлерге ай күнтізбесі бойынша жаңа жылда сыйақы берілген. Ұйғырлар қытайларға қарағанда әлдеқайда аз сыйақы алған. Кейін Керім жаңа басшылық лауазымға өтініш берген. Ол барлық параметрлерге сәйкес келсе де, басқа адамды алған.

Францияда 10 жыл өмір сүргеннен кейін, 2016 жылдың қараша айында Гүлбахарға Қытайдан бір ер адам қоңырау соғады.

"Сіз Карамайға зейнетке шығу туралы құжаттарға қол қою үшін оралуыңыз керек, мадам Хайтиваджи", - дейді ол.

Әйел сенім білдірілген адам процедураны орындай ала ма деп сұрайды. Ер адам ондай мүмкіндік жоқ екенін айтады. Гүлбахар бірнәрседен күдіктенсе де, Шыңжаңға барып, барлық мәселелерді шешуге шешім қабылдады.



Оның айтуынша, 2009 жылы хан мен ұйғырлар арасында қақтығыс болғаннан бері қудалау күшейе түсті. Тәртіпсіздік салдарынан 197 адам қаза тапты. Қытай Коммунистік партиясы Ұйғыр этникалық тобын сепаратизмге және радикалды исламның таралуына кінәлай бастады. Осы ұлттың мыңдаған өкілдері мәжбүрлеп түзету лагерлеріне аттанды.

Карамайға келген соң әйел алдымен мұнай компаниясының бухгалтериясына барды. Содан кейін оны жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жіберді. Онда ол полициямен Франциядағы наубайханадағы жұмысы және Францияға көшуінің себептерін талқылады.

Кенеттен олардың әңгімесі басқа бағытта өзгерген. Офицерлердің бірі Гүлбахарға қызы Гүлхумардың суретін көрсеткен. Қыз Қытайда тыйым салынған ұйғыр аймағының тәуелсіздік қозғалысының символы - Шығыс Түркістанның туымен суретке түскен. Сурет Париждегі Қытайдағы қуғын-сүргінге қарсы дүниежүзілік ұйғыр конгресінің Француз бөлімі ұйымдастырған іс-шарада түсірілген. Франциядағы және басқа мемлекеттердегі ұйғырлардың мұндай жиналыстары әрқашан саяси сипатта бола бермейді. Көбінесе олар дәстүрлі Наурыз немесе Құрбан айт мерекелерін атап өту кезінде жиналады.

Офицер үстелді жұдырықпен ұрып: "Сіздің қызыңыз-террорист!", - дейді.

Гүлбахар ақталады. Бірақ не айтса да, бәрі пайдасыз дәлелдер болды. Осыдан кейін Гүлбахар Хайтиваджи Қарамай полициясының камерасында бес ай қамауда болған. Онда ол азапталып, жауап алынды. Тіпті, әйелді жаза ретінде 20 күн бойы төсекке шынжырмен байлап тастаған.

Осыдан кейін, 2017 маусымында оны Карамайдың шетінде орналасқан Байджиантандағы түзету лагеріне апарады. Әйелді терезелер мен төсектерден басқа ештеңе жоқ бөлмеге апарған. Ол дәретін шелекке өтеуге мәжбүр болған. Онда Гүлбахар екі жыл тұрақтаған. Күн санап лагерге қамалғандардың саны арта түскен. Жалпы алғанда, Гүлбахар отбасыларынан бөлінген 200 әйелді есептеген. Олардың болашағы белгісіз еді.

"Бұл мектеп емес еді. Бұл әскери ережелер мен бізді құртуға деген құлшынысы бар қайта тәрбиелеу лагері болды. Үнсіздік міндетті болды, бірақ физикалық тұрғыдан бос болмағандықтан, өзіміздің де сөйлегіміз келмеді", - дейді Гүлбахар.

Сыбырлауға, аузыңызды сүртуге немесе есінеуге болмайды, өйткені күзетшілер ұрып-соғып, дұға оқып жатыр деп айыптауы мүмкін. 

"Жаңадан келгендерді мазасыз түрлерінен ажыратуға болады. Олар әлі де дәлізде сізбен көзбен кездесуге тырысады. Ал онда ұзақ тұрғандар аяғының астына қарайды. Олар роботтар сияқты тар жолдармен жүрді", - деп еске алады бұрынғы тұтқын. 

Тұтқындарға "Қытайдың нағыз азаматтары болуға" үйрететін теориялық сабақтар одан да қиын болды. Мұғалім оқушыларды толық бақылауда ұстады. 

"Бірде 60 жастағы әйел бір сәтке көзін жұмды. Мұғалім оның бетінен шапалақпен ұрып, айқалады: "Сіздің қалай дұға тілеп отырғаныңызыа көрмеймін деп ойлайсыз ба? Сіз жазаланасыз!". Осыдан кейін оны күзетшілер сыныптан сүйреп шығарды. Бірнеше минуттан кейін ол сыныпқа қайта кіріп, өзі жазған "өзін-өзі сынау" туралы жазбаны дауыстап оқыды", - деді Гүлбахар.

Әр сабақта тұтқындар Қытайға адалдық антын қабылдайды екен.

"Мен өзімнің ұлы елімнің дамуы мен жарқын болашағын тілеймін. Мен барлық этностардың біртұтас ұлы ұлт құруын тілеймін. Төраға Си Цзиньпинге денсаулық тілеймін. Президент Си Цзиньпин ұзақ өмір сүрсін", - дейді тұтқындар бір дауыспен. 

Сондай-ақ, олар Қытайдың "тазартылған тарихын" оқыған, онда елдің істері мадақталған. Әр жұмада алған білімдеріне тест өткізілді. 

Ақыр аяғында, тұтқындарды жануарға айналуға мәжбүр еткен. Гүлбахар қыздары мен күйеуінің жүзін есіне түсіре алмаған.

"Үгіт-насихат толқыны мені жықты, ал бірнеше айдан кейін мен есімді жоғалта бастадым. Менің жанымның бөліктері жараланды, бөлінді. Мен оларды ешқашан қайтара алмаймын", - дейді Хайтиваджи.

2019 жылдың 2 тамызында Карамай судьясы әйелді кінәсіз деп таныды және тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын алып тастады. Гүлбахар Хайтиваджи босатылды.

Талқылау