Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді таза құлға айналдырды": Қарағанды облысында 400-ге жуық кенші зейнетақысыз қаламыз деп алаңдаулы

Қарағанды облысында 400-ге жуық кенші зейнетақысыз қалуы мүмкін. Өйткені, айтуларынша, бес жылдан бері өздері жұмыс істейтін кәсіпорын не зейнетақы жарнасын, не медициналық сақтандыру, не әлеуметтік төлем жасамаған. Шахтерлер "Кировская" деп аталатын кеніштің басшысы ізім-қайым жоқ болып кеткенін айтады. Енді кеншілер шағымын кімге жеткізерін білмей жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кировская" шахтасында 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Васелий Шейко зейнетке шығуына 4 жыл қалған. Кенші келешекте зейнетақысыз қаламын ба деп қорқады. Себебі 2015 жылдан бері "Кировская" шахтасының қызметкерлеріне зейнетақы жарнасымен қоса, тиісті әлеуметтік төлемдер өтелмей келеді. 

"Олар бізді таза құлға айналдырды. Алған ақшамыз тамағымыздан аспайды. Компания басшылары бізді жұмысқа салып қойып, қалталарын қалыңдатып отыр", - деді кенші Васелий Шейко.

Жұмысшылар мекеме директорының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтады. Ал "Кировская" шахтасының басшылығынан сұқбат алу мүмкін болмады. 

Шарасыз кеншілер еңбек инспекциясына жүгінген. Олар кеніштен біраз кемшіліктерді анықтаған. Бірталай даулы мәселе туындағандықтан, сотқа жүгінуге кеңес берген.

"Кировская" шахтасының қызметкерлерінен өтініш келіп түскен болатын. Алайда бұл сұрақты қарастыру үшін, еңбек дауын шешу үшін жұмысшыларға сотқа жүгінуге болатыны хабарланды", - деді Қарағанды облысы еңбек департаментінің баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.

Кеншілер бұған дейін жергілікті прокуратура мен әкімдікке жүгінген. Алайда көмек болмаған соң, сотқа жүгінуге бол буған. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Қараша, 2020 08:25
Талқылау