AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді осылай тәрбиеледің ғой": Қаңтардағы қақтығыста қаза болған полицейдің анасы ұлының соңғы сөзін есіне алды

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған полицей Ринат Қамбетовтың анасы ұлының соңғы сөздерін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

"Ең соңына дейін телефонмен сөйлесіп отырдым ғой… "Мама, сен бізді осылай тәрбиеледің ғой" деген сөздері құлағымнан кетпейді. Ұлым соңғы демі қалғанша антына берік болды", – деді көзіне жас алған Бекзада Әлімбаева.

Ринат Қамбетов 1988 жылдың 2 тамызында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқарған. 

5 қаңтар күні бір топ адам Алмалы аудандық полиция бөлімін басып алмақ болып, шабуыл жасаған. Ринат әріптесі Ален Асылхановпен полиция ғимаратында сақталған қару-жарақты қорғау кезінде қаза тапты.

"Мектеп бітіргеннен кейін полицияға орналасып, жұмыс істеу арманы болды. Он жылдан артық Алматы қаласының полициясында жұмыс істеді. Баламыз жаман болған жоқ. Елге сыйлы болды. Жақсы қызметкер, ата-анаға қамқоршы жақсы ұл болды. Туыстарымыз да оны жақсы көруші еді. Қызмет барысында қайтты енді… Бір Алланың ісі ғой”, – деді полицейдің әкесі Талғат Қамбетов.

Ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің артында жұбайы мен екі ұлы қалды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр